Атырау облысы Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 306 қаулысына және Жылыой аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-1 "Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 335 қаулысы және Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 13-6 бірлескен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 қыркүйекте № 3950 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес және Құлсары қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі, 2016 жылғы 2 тамыздағы, 2016 жылғы 3 қарашадағы және 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындылары негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Атырау облысы Жылыой аудандық әкімиятының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 306 қаулысына және Жылыой аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-1 "Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының құрамдас бөліктеріне, көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-2-131 тіркелген, 2009 жылғы 19 қарашадағы "Кең Жылой" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулы және шешімнің 1 тармағында №1-№270 аралығындағы реттік нөмірлер берілген көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) № 67 көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Сәден Айтжановтың есімі;

      2) № 82 көшеге Әбілғазым Махутовтың есімі;

      3) № 86 көшеге Зинел Балгенжиевтің есімі;

      4) № 129 көшеге Бағытқали Байжұмиевтің есімі;

      5) № 160 көшеге Айыпқали Орынғалиевтың есімі;

      6) № 197 көшеге Ұлы Отан соғысы ардагері Демеу Таубаевтың есімі;

      7) № 212 көшеге Тыл және Еңбек ардагері Панар Бекбосынованың есімі.

      2. "Аудандық маңызы бар Құлсары қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ш. Кейкин) және "Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А. Жалелов) осы бірлескен қаулы және шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары (Н. Өмірбаев) және аудандық мәслихаттың экология, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіп, заңдылықты сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Т. Майлыбаев) жүктелсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жылыой ауданы әкімі А. Құттұмұрат-ұлы
      Жылыой аудандық
      мәслихатының
      XIII сессиясының төрағасы С. Балжігітов
      Жылыой аудандық
      мәслихатының хатшысы М. Кенғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады