Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 422-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Тіркелген салық ставкасының мөлшері, қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудандық мәслихаттың "Экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына (А. Есқариев) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың кезекті
13-сессиясының төрағасы Г. Қайырғалиева
Аудандық мәслихат хатшысы А. Құрманбаев
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 27 наурыздығы
№ 115 шешіміне қосымша
Тіркелген салық ставкасының мөлшері
№ |
Салық салу объектісі |
Салық Кодексі бойынша белгіленген салық ставкасының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
Салық Кодексі бойынша белгіленген салық ставкасының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен |
Аудан бойынша тіркелген салық ставкасы (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 |
Бір ойыншының қатысуымен өткізілетін ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы |
1 |
12 |
2 |
2 |
Бір ойыншыдан артық ойыншылардың қатысуымен өткізілетін ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматы |
1 |
18 |
4 |
3 |
Ойын өткізу үшін қолданылатын жеке компьютерлер |
1 |
4 |
2 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
83 |
10 |
5 |
Карт |
2 |
12 |
3 |
6 |
Бильярд үстелі |
3 |
25 |
5 |