Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Бақсай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 19 қарашадағыі N 15 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылы 21 қаңтардағы № 45 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" қаулысына және Махамбет ауданы әкімі аппаратының жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 22 шілде № 4 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. "Томан" елді мекеніндегі 1 (бір) көшеге "Каспий" атауы берілсін.
2. "Есмахан" елді мекеніндегі 2 (екі) көшеге "Алатау", "Байқоңыр" атаулары берілсін.
3. "Көздіқара" елді мекеніндегі 3 (үш) көшеге "Сарыарқа", "Ұлытау", "Бәйтерек" атаулары берілсін.
4. Осы шешімді орындауға, көшенің атаулары мен көшелердің санын темір қаңылтырдан жасап салуды селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы С. Базарбаевқа міндеттелсін.
5. Осы шешімнің орындалысын бақылау селолық округ әкімі аппаратының бас маманы С. Насипкалиевқа тапсырылсын.
6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Селолық округ әкімі Ж. Бисенов
Бақсай селолық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге атаулар беру туралы
Күшін жойғанАтырау облысы Махамбет ауданы Бақсай селолық округі әкімінің 2009 жылғы 10 қыркүйектегі N 21 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қазанда N 4-3-125 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Бақсай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 19 қарашадағыі N 15 шешімімен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз