Жаңа көшелерге атаулар беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селолық округі әкімінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 385 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Махамбет ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 7 желтоқсанда N 4-3-135 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селолық округі әкімінің 2010 жылғы 21 маусымдағы N 123 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы Махамбет селолық округі әкімінің 2010.06.21 N 123 Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14–бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына және аудандық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 21 тамыздағы қортындысына сәйкес ШЕШЕМІН:
       1. Селолық округтегі жаңадан берілген жер телімдеріндегі
      1) "Шұғыла" мөлтек ауданындағы № 3 көшеге – "Шәкәрім Құдайбердіұлы", № 4 көшеге – "Оралхан Бөкей", № 5 көшеге – "Нұрғиса Тілендиев";
      2) "Ынтымақ" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Сұлтанмахмұт Торайғыров", № 2 көшеге – "Мұхит Мерәліұлы", № 3 көшеге – "Абылайхан", № 4 көшеге – "Ілияс Есенберлин";
      3) "Наркескен" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Жұмекен Нәжімеденов";
      4) "Самал" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Әбілхайыр хан", № 2 көшеге – "Мағжан Жұмабаев";
      5) "Жасыл белдеу" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Сырым Датұлы", № 2 көшеге – "Мұрат Мөңкеұлы", № 3 көшеге – "Ғарифолла Құрманғалиев", № 4 көшеге – "Хамит Ерғалиев", № 5 көшеге – "Ғабит Мүсірепов", № 6 көшеге – "Қайырғали Смағұлов", № 7 көшеге – "Әбділда Тәжібаев", № 8 көшеге – "Шәмші Қалдыаяқов", № 9 көшеге – "Мұқағали Мақатаев", № 10 көшеге – "Төлеген Айбергенов";
      6) "Игілік" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Ыбырай Алтынсарин", № 2 көшеге – "Халел Досмухамедов";
      7) "Шаттық" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Әлекей Марғұлан", № 2 көшеге – "Насихат Сүгірұлы", № 3 көшеге – "Күләш Байсейітова", № 4 көшеге – "Шәкен Айманов", № 5 көшеге – "Әл-Фараби", № 6 көшеге – "Қожа Ахмет Яссауи";
      8) "Бірлік" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Сәкен Сейфуллин", № 2 көшеге – "Мұқан Төлебаев";
      9) "Өткел" мөлтек ауданындағы № 1 көшеге – "Көкжиек" есімдері берілсін;
      2. Осы шешімнің тиісті даналары аудандық әділет басқармасына жолдансын;
       3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын;
       4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Селолық округ әкімі                              А. Қабдешов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады