Ауданда атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық табысын есептеу жүйесі туралы

Күшін жойған

Исатай ауданы әкімінің 2009 жылғы 5 наурыздағы № 36 қаулысы. Исатай аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 6 сәуірде № 4-4-132 тіркелді. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 34 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Исатай аудандық әкімдігінің 2013.02.11 № 34 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 121-IV "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен  қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жиынтық табысын есептеу төмендегіше мақұлдансын:
      атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының жиынтық табысына қосалқы шаруашылығындағы 1 бас ірі қара (мүйізді ірі қара, түйе немесе жылқы), 5 бас қой-ешкіге дейінгі малдары, 20 басқа дейінгі үй құстары және аудан жерінің құнарсыз, топырағының тұзды болуына байланысты қолайсыз аймақтардың бірінен саналатындықтан, жер учаскелерінен түсетін түсім кірістік есепке алынбасын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Өтеғалиевке жүктелсін.

      3. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      З. Сүйнешов
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады