Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Исатай аудандық мәслихатының 2010.02.04 № 169-IV шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық Кодексінің 422 бабының негізінде Исатай аудандық салық басқармасының 2009 жылғы 30 маусымдағы СБ-03-02/873 санды ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудан бойынша тіркелген салық салу объектілеріне қатысты 2009 жылға салық мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аталған шешімнің орындалуын бақылауға алу аудандық мәслихаттың бюджет қаржы, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық, экологиялық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (С. Қабделов) жүктелсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 17 шілдедегі N 120-IV "Аудан бойынша тіркелген салық салу объектілеріне қатысты 2009 жылға салық мөлшерін белгілеу туралы" шешімінің күші жойылсын.
4. Аталған шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, алғаш ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХІІI сессия төрағасы Ж. Зайдуллин
Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Қадимов
2009 жылғы 5 тамыздағы N 134-ІV
нормативтік құқықтық кесімге қосымша
Исатай ауданы бойынша тіркелген салық салу объектілеріне қатысты 2009 жылға салық мөлшері
ҚР Салық кодексінің 422 бабы 1 бөлімі |
Жиынтық салық ставкасы |
||
Айлық есептік көрсеткіші |
|||
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1-12 |
2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1-18 |
3 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
1-4 |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5-83 |
50 |
5 |
Карт |
2-12 |
10 |
6 |
Бильярд үстелі |
3-25 |
4 |
Ескертпе: 2009 жылғы айлық есептік көрсеткіш (АЕК):
01.01.09-01.07.09 ж. - 1273 теңге,
01.07.09-31.12.09 ж. - 1296 теңге.