Күші жойылды - Исатай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 14 шілдедегі N 198-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының негізінде аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 182 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 16 сәуірдегі № 249-ІІІ "Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемдерін өтеуге тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4-4-69 санымен 25 мамыр 2007 жылы реестрге енгізілген аудандық "Нарын таңы" газетінің 2007 жылғы 9 маусымдағы № 23 санында жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "тәртібі" деген сөздер "қағидасы" деген сөздермен ауыстырылып оқылсын;
2) 2–бөлімнің 9 тармағындағы 7 саны 5 санымен ауыстырылып оқылсын.
2. Шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму, құқық қорғау заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Зайдуллин) жүктелсін.
Аудандық мәслихаттың кезекті
ХVІ сессиясы төрағасы С. Қабделов
Аудандық мәслихат хатшысы Ж. Қадимов