Аудан бойынша 2009 жылдары мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысының Қызылқоға ауданы әкімиятының 2009 жылғы 25 наурыздағы N 88 қаулысы. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 23 сәуірде N 4-5-107 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1 тармақшасына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аудан бойынша мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында осы санаттағы жұмыс жасауға қабілетті адамдарды 2009 жылға жұмысқа орналастыру квотасын белгілеу тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мекемелерге, кәсіпорындар басшыларына, жеке кәсіпкерлерге (келісім бойынша) белгіленген квотаның орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Аудан әкімиятының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 68 "Аудан бойынша 2009 жылдары мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарынынң квотасын белгілеу туралы" қаулысы жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шаяхметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Ж. Рахметқалиев

      Келісемін:

      "Атамекен" шаруа қожалығының төрағасы
      23 наурыз 2009 жыл                        Ә. Салимов

      Қоныстану дәрігерлік амбулаториясының
      бас дәрігері
      23 наурыз 2009 жыл                        Ж. Қожахметова

      "Тасшағыл" селолық учаскелік
      ауруханасының бас дәрігері               
      23 наурыз 2009 жыл                        Д. Мендіғалиева

      "Тасшағыл" өндірістік
      кооперативінің төрағасы     
      23 наурыз 2009 жыл                        О. Жанықұлов

                                          Аудан әкімиятының
                                        2009 жылғы 25 наурыздағы
                                       N 88 қаулысына қосымша

    Қызылқоға ауданы бойынша 2009 жылға мүгедектерді жұмыспен қамтуды
         қамтамасыз ету үшін квотамен алатын мекемелердің тізімі      

р/с

Мекемелердің атауы

Тұрғылықты жері

Мекеме басшыларының аты-жөні

1

Қоныстану дәрігерлік
амбулаториясы

Көздіқара селосы

Ж.Қожахметова - бас
дәрігер (келісім
бойынша)

2

Тасшағыл ауылдық округі
әкімі аппараты

Тасшағыл селосы

С.Оразғалиев - округ
әкімі

3

Тасшағыл орта мектебі

Тасшағыл селосы

С.Байжанов - мектеп
директоры

4

"Тасшағыл" өндірістік
кооперативі

Тасшағыл селосы

О.Жанықұлов -
кооператив төрағасы
(келісім бойынша)

5

Тасшағыл селолық учаскелік
ауруханасы

Тасшағыл селосы

Д.Меңдіғалиева - бас
дәрігер (келісім
бойынша)

  6

"Атамекен" шаруа қожалығы

Тасшағыл селосы

Ә.Салимов - шаруа
қожалығы төрағасы
(келісім бойынша)

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады