РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуіріндегі № 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.
2. Ауылдық және селолық округ әкімдері:
1) жергілікті әскери басқару органдары арқылы мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді;
2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қашық жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту, оларды әскери қызметтен өтуге жөнелту үшін жеткізуді;
3) шақыру (жинау) пункттерін дәрі-дәрмектермен, аспаптармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сонымен қатар байланыс құралдарымен жабдықтауды;
4) қажетті мөлшерде қызмет көрсету персоналдарымен және техникалық қызметкерлермен қамтамасыз етсін.
3. Қызылқоға аудандық емханасына (келісім бойынша):
1) шақыру кезеңінде аудандық дәрігерлік комиссияларды білікті дәрігер-мамандармен, орта медициналық персоналдар жиынтықтау;
2) шақыру комиссиялары жолдаған азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде санын бөлу;
3) денсаулық жағдайына байланысты шақыру мерзімі кейінге қалдырылған науқас азаматтарға медициналық көмек көрсетуді және олармен сауықтыру шараларын іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Қызылқоға аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) шақырудан жалтарған тұлғаларды жеткізуді, сонымен қатар шақырылушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы № 193 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысын іске асыру туралы" қаулысы жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Сәрсенғалиевқа жүктелсін.
7. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев
Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 24 тамыздағы
№ 238 қаулысына қосымша № 1
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Рамазанов Асылбек - Қызылқоға ауданының қорғаныс істері жөніндегі
Бағытжанұлы бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім
бойынша);
Тұрдағалиев Жәнібек - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің
Жауқашұлы меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Бисенова Айгүл - Қызылқоға аудандық емхана дәрігері (медициналық
Өтебалықызы комиссиясының төрайымы), (келісім бойынша);
Рысмұқанбетов Қайрат - Қызылқоға ауданының ішкі істер бөлімі
Құбайдоллаұлы бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Сүндетбаева Нұрзила - Қызылқоға аудандық емханасының медбибісі,
Сүндетбайқызы комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 24 тамыздағы
№ 238 қаулысына қосымша № 2
Аудандық медициналық комиссиядағы дәрігерлердің тізімі:
№ |
Аты-жөні |
Қызметі |
Қосымша |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 |
Бисенова Айгүл Өтебалықызы Асанова Светлана Гатауовна Бисенғалиев Нәби Қойбағарұлы Елешов Аманжол Тугелбаевич Көбенова Қарлығаш Бағытқызы Жаңабаева Жанар Амангелдіқызы Жаңабаева Жанар Амангелдіқызы Тайшыбай Сейфолла Саматович Басжанов Ринат Әбділдиева Гүлнар Молдашқызы Медбибілер |
Медициналық комиссия төрайымы, дәрігер- невропотолог Дәрігер-стоматолог Дәрігер-рентгенолог Дәрігер– оториноларинголог Дәрігер-фтизиатр Дәрігер-терапевт Дәрігер-офтальмолог Дәрігер-хирург Дәрігер-хирург Дәрігер-дерматолог 6 адам |
Ауданда жоқ |