Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысының Қызылқоға ауданы Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 26 тамыздағы N 239 қаулысы. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 21 қыркүйекте N 4-5-113 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімиятының 2010 жылғы 11 мамырдағы N 80 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімиятының 2010.05.11 N 80 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) 1 тармағының 1.5 тармақшасына, Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық, селолық округ әкімдері халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етсін.
      2. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде мыналар:
      1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, олардың шығындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеу арқылы олардың еңбегіне ақы төлеу жөнінде шарттар жасасады;
      2) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында ауылдық, селолық округ әкімдері әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесін айқындайды;
      3) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады;
      4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлға арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді, алайда ол алты айдан аспауы тиіс;
      5) жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлғаға орташа айлық аударымдарының мөлшері 15 000 теңгеге тең;6) жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына бюджет қаражатын аударуды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді;
      7) әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған тұлғаның еңбегіне ақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 маусымынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі            Б. Сәрсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады