Қызылқоға ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қызылқоға аудандық әкімиятының 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 252 қаулысы. Әділет департаменті Қызылқоға ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 30 қыркүйекте № 4-5-114 тіркелді. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 88 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2012.05.21 № 88 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. N 1 қосымшаға сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілетін мекемелердің тізімі, N 2 қосымшаға сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстың түрлері бекітілсін.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бекітілген тізбеге сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы жалақының ең төменгі мөлшерінде бекітілсін.
      4. Аудандық қаржы бөлімі жұмыспен қамту бағдарламасын жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 200 "Қызылқоға ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысы жойылсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары  Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Б. Сәрсенғалиев

Аудан әкімдігінің       
2009 жылғы 15 қыркүйектегі  
N 252 қаулысына 1 қосымша   

Қызылқоға ауданы бойынша 2009 жылға жұмыссыздарды қоғамдық
жұмысқа тартуды ұйымдастыратын мекемелер тізімі

Р/с

Мекемелердің атауы

Тұрғылықты жері

1

Миялы селолық округі әкімі аппараты

Миялы с/округі

2

Мұқыр селолық округі әкімі аппараты

Мұқыр с/округі

3

Сағыз селолық округі әкімі аппараты

Сағыз с/округі

4

Жангелдин ауылдық округі әкімі аппараты

Жангелдин а/округі

5

Ойыл ауылдық округі әкімі аппараты

Ойыл а/кругі

6

Көздіғара ауылдық округі әкімі аппараты

Көздіғара а/округі

7

Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппараты

Тасшағыл а/округі

8

Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты

Жамбыл а/округі

9

Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты

Қызылқоға а/округі

10

Тайсойған ауылдық округі әкімі аппараты

Тайсойған а/округі

11

Аудан әкімі аппараты

Миялы с/округі

12

Аудандық ЖҚ ж ӘББ

Миялы с/округі

Аудан әкімдігінің       
2009 жылғы 15 қыркүйектегі  
N 252 қаулысына 2 қосымша   

Р/С

Жұмыстың түрлері

Жұмыссыздардың еңбекақысының есептік көрсеткіші

1

Аймақтарды экологиялық сауықтыру
(көгалданыру және көркейту, баптау)

1,0

2

Ауылдық, селолық елді мекендердегі
тазалық жұмыстарына көмектесу

1,0

3

Суару жұмыстары, жас ағаш, көшеттерді
суару

1,0

4

Аудан бойынша аймақтық жұмыстарға қатысу

1,0

5

Денсаулығына байланысты есепте тұрған
азаматтарға, әсіресе жалғыз басты қарт
адамдарға қызмет көрсету

1,0

6

Мал азығын дайындайтын аймақтарды қорғау
жұмыстары

1,0

7

Қоғамдық полиция көмекшісі

1,0

8

Көше шамдарын өшіріп, қосушы

1,0

9

Мал тұқымын асылдандыру бағытындағы
жұмыс

1,0

10

"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша жұмыссыз
жастарды жұмысқа тарту

1,0

11

Әскери комиссариатта санақ жұмыстарына
көмек

1,0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады