Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенттік округі әкімінің 29.10.2010 № 134 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып және аудан әкімі жанындағы ономастикалық комиссия мәжілісінің 2009 жылғы 19 маусымдағы қорытындысына сәйкес шешемін:
1. Индербор поселкесіндегі Некрасов көшесінің атауын өзгертіп, Ауған соғысының ардагері, "Ерлігі үшін" медалінің иегері Сұлтанғалиев Дүйсенғали Екібайұлына жаңа көше атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Әділет басқармасына жолданып, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Индербор поселкелік округі әкімі Б. Мусаев