Ескерту. Күші жойылды - Индер аудандық мәслихатының 2010.06.25 N 230-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақcтан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет кодексiнің 56 бабын жәнеҚазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі N 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабын басшылыққа ала отырып ШЕШЕМІЗ:
1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 257 қаулысымен ұсынылған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің пәтерлері мен тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы бөлу және төлеу қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына (төрағалары С. Құлғалиев, Б. Сапаров) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланып күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
Аудандық мәслихат
XХ сессиясының төрағасы Ө. Нұриев
Аудандық мәслихат хатшысы Е. Көшек