Ескерту. Күші жойылды - Мақат аудандық мәслихатының 2010.02.09 N 197-V шешімімен
Мақат ауданы бойынша Салық басқармасының 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 06-АҚӨБ-03-6-8/206 санды ұсынысын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабын және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІЗ:
1. Аудан бойынша 2009 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық Мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы "Аудан бойынша 2008 жылға ара-тұра сипаттағы кәсіпкерлік қызмет түрлеріне берілетін бір жолғы талон құнының мөлшері туралы" N 28-ІV шешімінің (Мақат ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 16 қаңтарда N 4-7-77 санымен тіркелген және 2008 жылғы 1 ақпанда аудандық қоғамдық-саяси "Мақат тынысы" газетінің 5 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, жерді пайдалану және табиғатты қорғау, заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 10 күн өткеннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудандық Мәслихаттың кезекті
ХІV сессиясының төрағасы: Г. Медыева
Аудандық Мәслихат хатшысы: Т. Жолмағамбетов