Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қырқүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының депутаттығының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А. Карімжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алған ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Рысқалиев
КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Ә. Ерғожиев
Аудан әкімиятының
2009 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 160 қаулысына қосымша
Мақат аудандық Мәслихатының шығып қалған депутатының орнына депутаттыққа кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орын тізімі
№ |
Орналасқан жері - Доссор поселкісі |
1 |
Доссор аудандық ауруханасының ғимараты |
2 |
№ 2 кәсіптік-техникалық лицей ғимараты |
3 |
ДЭУ–23 мекемесінің ғимараты |