Сүйіндік селолық округіндегі "Сұңқар" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы N 83 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда N 4-8-145 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2009 жылғы 16 ақпандағы  N 27 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2009 жылғы       16 ақпандағы N 5 сараптамасы бойынша, Сүйіндік ауылдық округінің "Сұңқар" елді мекенінде өлген бір бас мүйізді ірі қара құтыру ауруына оң реакция беруіне байланысты "Сұңқар" елді мекеніне шектеу іс-шаралары жариялансын.

      2. Сүйіндік селолық округінің "Сұңқар" елді мекеніне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Сүйіндік селолық округі әкімінің міндетін атқарушы - А.Жахиенге, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы - С.Сәлімғалиевқа (келісім бойынша), аудандық емхананың бас дәрігері - Е.Куановқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы - Ө.Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық мемлекттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау  басқармасының бастығы - К.Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсітелген шараларды орындауға қамтамасыз етуге ұсынылсын.

      4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардын орындалысын апта сайын аудандық ауылшаруашылық бөліміне тапсыруды ұсынылсын.

      5. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланып күнтізбелік 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
      Аудан әкімі             А. Такешев
 
Келісілді: 

Куанов Е.   - Аудандық емхананың бас дәрігері; 

Сарбасов Ө. - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы; 

Утаров К.   - Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық    
              бақылау басқармасының бастығы;

Сәлімғалиев С. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы       
              Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық                      аумақтық инспекциясының бастығы.

       Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
17 ақпандағы N 83 қаулысымен
бекітілген қосымша

      Сүйіндік селолық округі бойынша жұқпалы ауруының
           тарап кетуін болдырмау іс–шаралары

N

Атқарылатын шаралардың
мазмұны

Орындау
мерзімі

Орындалуына жауапты
адамдар

1

Құтыру ауруы белгісі
білінген малдарды, өртеп
көмдіру, орнын залалсыздан-
дыру, тексеру үшін
зертханаға материалдарды
жіберуді ұйымдастыру

Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы
Министрлігінің, Атырау
облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
С.Сәлімғалиев

2

Ауырған малмен қатынасы бар
адамдарды дәрігерлік
тексеруден өткізуді
ұйымдастыру

Тұрақты

Аудандық емхананың бас
дәрігері - Е.Куанов,
аудандық мемлекттік
санитарлық эпидемиология
лық бақылау басқармасының
бастығы - К.Утаров

3

Елді мекендердегі жеке
қожалықтардың малдарын, ит,
мысықтарын құтыру ауруына
қарсы егістен өткізуді
ұйымдастыру

 Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы
Министрлігінің, Атырау
облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы -
С.Сәлімғалиев

4

Бірлескен түрде ауру
ошағынан мал және мал
өнімдерін шығаруға қатаң
тыйым салу

Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы
Министрлігінің, Атырау
облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы -
С.Сәлімғалиев, аудандық
ішкі істер бөлімі -
Ө.Сарбасов, округ
әкімінің міндетін
атқарушы - А.Жахиен


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады