Нұржау селолық округіндегі "Талды" елді мекен аумағында құтыру ауруына шектеу іс-шараларын жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 ақпандағы N 97 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда N 4-8-146 тіркелді. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2009 жылғы 24 ақпандағы № 31 ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2009 жылғы 24  ақпандағы № 7 сараптамасы бойынша, Нұржау селолық округінің "Талды" елді мекенін тұрғыны Рысқалиев Мақсоттың өлген мысығы құтыру ауруына оң реакция беруіне байланысты "Талды" елді мекеніне шектеу іс-шаралары жариялансын.
      2. Нұржау селолық округінің "Талды" елді мекеніне шектеу іс-шаралары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Нұржау селолық округ әкімі Ж. Ғұмаровқа, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), аудандық   емхананың бас дәрігері Е. Қуановқа (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө. Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық     мемлекттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалысы       жөнінде ақпараттарды апта сайын аудандық ауыл шаруашылық бөліміне тапсыруды ұсынылсын.
      5. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күннен өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі            А. Такешев
 

Келісілді:

Куанов Е.: Аудандық емхананың бас дәрігері;

Сарбасов Ө.: Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы;

Утаров К.: Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бастығы;

Сәлімғалиев С.: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы 

Аудан әкімдігінің     
2009 жылғы 24 ақпандағы № 97
қаулысымен бекітілген қосымша 

Нұржау селолық округі бойынша жұқпалы ауруының тарап кетуін болдырмау іс–шаралары


Атқарылатын шаралардың мазмұны

Орындау  мерзімі

Орындалуына жауапты адамдар

 1

Құтыру ауруы белгісі білінген малдарды, өртеп көмдіру, орнын залалсыздандыру, тексеру үшін зертханаға материалдарды жіберуді ұйымдастыру



Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев /келісім бойынша/


2


Ауырған малмен қатынасы бар адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру


Тұрақты

Аудандық емхананың бас дәрігері Е.Куанов /келісім бойынша/, аудандық мемлекттік санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы К.Утаров /келісім бойынша/


3


Елді мекендердегі жеке қожалықтардың малдарын, ит, мысықтарын құтыру ауруына қарсы егістен өткізуді ұйымдастыру



Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев /келісім бойынша/


4


Бірлескен түрде ауру ошағынан мал және мал өнімдерін шығаруға қатаң тыйым салу


Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы Министрлігінің, Атырау облысы Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С.Сәлімғалиев /келісім бойынша/, аудандық ішкі істер бөлімі Ө.Сарбасов /келісім бойынша/, Нұржау селолық округ әкімі Ж.Ғұмаров


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады