Киров селолық округіне қарасты Күйген, Шағырлы, Жасарал, Көкарна, Ақтөбе, Шарапи ауылдарына көше атауларын беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров селолық округі әкімінің 2009 жылғы 16 қазандағы N 23 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қазанда N 4-8-157 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Киров селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 15 қазандағы № 15 хаттамасына сәйкес және Киров селолық округі тұрғындарының сұранысы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Киров селолық округіне қарасты Күйген ауылындағы көше атауы жоқ көшеге Атамұра, Шағырлы ауылына Ақжол, Жасарал ауылына Өріс, Көкарна ауылына Белжайлау, Ақтөбе ауылына Тұлпар, Шарапи ауылына Кеңшағыл көше атаулары берілсін.
      2. Шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің
      міндетін атқарушысы            Н. Мұқатова
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады