Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының негізінде, 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағының негізінде және Орлы селолық округіне қарасты Қанжыға, Алтыншы, Каспий ауылдарындағы атауы жоқ көшелеріне атау беру туралы аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 15 қазандағы № 11 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Орлы селолық округіне қарасты Қанжыға елді мекеніне "Құлагер" көшесі, Алтыншы ауыл елді мекеніне "Бәйтерек" көшесі, Каспий елді мекеніне "Береке" көшесі деген атаулары берілсін.
2. Осы шешімге сәйкес көшелерге берілген атаулардың жазуларын ілдіру селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Т. Гумаровқа тапсырылсын.
3. Шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Муса