Теңіз селолық округіне қарасты шағын елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 19 қазандағы N 7 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 28 қазанда N 4-8-160 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Занының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 15 қазандағы № 13 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМН:
      1. Теңіз селолық округіне қарасты, Құмарғали ауылындағы атауы жоқ көшеге - "Майдагер", Шайхы ауылындағы атауы жоқ көшеге - "Ардагер", Дәулет ауылындағы атауы жоқ көшеге - "Шипагер" есімдері берілсін.
      2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі                              Б. Утеулиев
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады