Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылдың 16 қазанындағы № 16 хаттамасына сәйкес және Жасталап ауылы тұрғындарының сұранысы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Жасталап ауылындағы атауы жоқ 2 көшеге "Ахмет Жұбанов", "Мағжан Жумабаев" атаулары берілсін.
2. Шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Набидулаев