Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Дыңғызыл селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағы негізінде Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 15 қазандағы № 14 хаттамасына сәйкес және Жыланды селосы мен Қызылоба ауылдары тұрғындарының сұранысы негізінде ШЕШЕМІН:
1. Дыңғызыл селолық округіне қарасты Жыланды селосындағы атаулары жоқ көшелерге Арна, Жағажай, Атақоныс, Қызылжар, Күміскөл, Ортақыр, Алмалы атаулары берілсін.
2. Дыңғызыл селолық округіне қарасты Қызылоба ауылындағы атаулары жоқ көшелерге Қарағайлы, Береке, Кеңжайлау, Тоғайлы, Нұрлыжол, Жаңа құрылыс, Бірлік атаулары берілсін.
3. Шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі С. Мухамбетчиев