Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 15 қазандағы № 17 хаттамасына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Ганюшкин селолық округіне қарасты, Спортивная көшесін - Егеменді Қазақстан, Механизатор көшесін - Құрылысшы, Ескі Аэропорт шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – жолдың оң жақ бетіне Керуен және жолдың сол жақ бетіне Нұрлы, Тәжібай шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Жерұйық, Сазтүбек шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Наркескен, Жапырық шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Ақансері, Кадырка шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Темірқазық, Байтарал шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Шаттық, Үлкен Кресті шағын елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Өркениет атаулары берілсін.
2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Тәжібаев