Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағының, Ганюшкин селосының Звездная көшесінің тұрғындарының сұраныстарының, аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 31 шілдедегі хаттамасының негізінде және 1916-1919 жылдары аралығында азамат соғысының белсенді мүшелері Ганюшкин ауылдық кеңесінің І-ші басшысы болған Ізжан және Камал Жанабаевтардің еңбектерін ескере отырып ШЕШЕМІН:
1. Ганюшкин селосының Звездная көшесінің атауы өзгертіліп Ізжан және Камал Жанабаевтардің есімдері берілсін.
2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі А. Тәжібаев