Сүйіндік селолық округіне қарасты Жалғызапан, Батырбек, Егінқұдық ауылдарындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік селолық округі әкімінің 2009 жылғы 21 қазандағы N 13 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қарашада N 4-8-170 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 23 қаңтардағы 2001 жылғы № 148-II "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 8 желтоқсандағы 1993 жылғы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссиясының 15 қазандағы 2009 жылғы № 12 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Жалғызапан ауылындағы атауы жоқ 2 көшеге "Жәңгір хан", "Бөкей хан", Батырбек ауылына 2 көшеге "Нарын", "Шағыл", Егінқұдық ауылындағы 3 көшеге "Жұмыскер", "Орталық", "Тұщықұдық" атаулары берілсін.
      2. Шешім Әділет басқармасынан Мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы көше атауларын жазып, белгі тақтайшаларын орнатып ілдіру селолық округ әкімі аппаратының жетекші маманы Р. Ғаниге жүктелсін.
      Округ әкімінің
      міндетін атқарушы            А. Жахиен
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады