Байда селолық округінің Котяев ауылы және "Кіші Күйген" елді мекен, Нұржау селолық округінің "Төлепәлі" елді мекен аумақтарында қарасан ауруына карантин жариялау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімиятының 2009 жылғы 22 қазандағы № 383 қаулысы. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қарашада № 4-8-171 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімиятының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 452 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық әкімиятының 07.12.2009 № 452 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ санды "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа алып және Қазақстан Республикасы Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекциясының 2009 жылғы 22 қазанда № 238 санды ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық ветеринариялық зертханасының 2009 жылғы 22 қазан № 61 санды сараптама қорытындысы бойынша Байда селолық округінің Котяевка ауылы және Кіші Күйген елді мекендерінде, осымен қатар 2009 жылғы 22 қазан № 62 санды сараптама қортындысы бойынша Нұржау селолық округінің "Төлепәлі" елді мекенінде ірі қара малдарында "қарасан (эмкар)" ауруы анықталуына байланысты, карантин жариялансын.
      2. Карантиндік іс-шаралар жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      3. Нұржау селолық округінің әкімі Ж. Ғұмаровқа, Байда селолық округінің әкімі А. Дюсалиевке, Құрманғазы аудандық аумақтық инспекция бастығы С. Сәлімғалиевке (келісім бойынша), аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ө. Сарбасовқа (келісім бойынша), аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігері К. Утаровқа (келісім бойынша) іс-шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Осы шарадағы көрсетілген тапсырмалардың орындалысы жөнінде ақпараттарды апта сайын аудандық ауылшаруашылық бөліміне тапсыру ұсынылсын.
      5. Қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен соң күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                         А. Такешев

Келісілді:
      Сәлімғалиев С. - Қазақстан Республикасы Атырау облысы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Құрманғазы аудандық аумақтық инспекция бастығы,
      Утаров К. - Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас дәрігері,
      Сарбасов Ө. - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы.

Аудан әкімдігінің     
2009 жылғы 22 қазан № 383  
қаулысымен бекітілген қосымша

Байда селолық округінің Котяев ауылы және "Кіші Күйген", Нұржау селолық округінің "Төлепәлі" елді мекен аумақтарында қарасан ауруына қарсы карантиндік іс-шаралар ЖОСПАРЫ

Атқарылатын шаралардың
мазмұны

Орындау
мерзімі

Орындалуына жауапты
адамдар

1

Қарасан ауруы белгісі
білінген малдарды, өртеп
көмдіру, орнын
залалсыздандыру, тексеру
үшін зертханаға
материалдарды жіберуді
ұйымдастыру

Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы
Министрлігінің, Атырау
облысы Құрманғазы аудандық
аумақтық инспекциясының
бастығы С. Сәлімғалиев

2

Елді мекендерде барлық
меншік иелерінің малдарын
қарасанға қарсы егуді
ұйымдастыру

Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы
Министрлігінің, Атырау
облысы Құрманғазы
аудандық аумақтық
С. Сәлімғалиев

3

Бірлескен түрде ауру
ошағынан мал және мал
өнімдерін шығаруға қатаң
тыйым салу

Тұрақты

ҚР-сы ауыл шаруашылығы
Министрлігінің, Атырау
облысы Құрманғазы аудандық
аумақтық инспекциясының
бастығы С. Сәлімғалиев,
аудандық ішкі істер бөлімі
Ө. Сарбасов, аудандық
санитарлық-эпидемиологиялық
басқармасының бас дәрігері
К. Утаров, округ әкімдері
Ж. Ғұмаров, А. Дюсалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады