Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Мақаш селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 26 қазандағы № 19 хаттамасына сәйкес, ШЕШЕМІН:
1. Мақаш ауылдық округіне қарасты Ғизат Әліпов елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге – Ынтымақ, Көкарна елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Тайбурыл, Афанасьев елді мекеніндегі атауы жоқ көшеге - Теміржолшылар есімдері берілсін.
2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі Ж. Жұбанов