Еңбекші селолық округіне қарасты Жұмекен селосындағы көшелерге атау беру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші селолық округі әкімінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 47 шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 23 желтоқсанда N 4-8-176 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші селолық округі әкімінің 2010 жылғы 22 қазандағы N 77 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші селолық округі әкімінің 2010.10.22 N 77 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы негізінде, Қазақстан  Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын басшылыққа алып, аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 3 желтоқсандағы № 21 хаттамасына сәйкес  ШЕШЕМІН:
      1. Еңбекші селолық округі Жұмекен селосындағы көшелерге Жеңіс, Т. Жұмағалиев, М. Мусаев, Ғ. Өмірбаев, Қ. Ысқақова есімдері берілсін.
      2. Шешім мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Округ әкімі:              Ғ. Карина
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады