Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармағын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағын басшылыққа алып және аудандық ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 22 хаттамасының негізінде ШЕШЕМІН:
1. Ганюшкин селосының Пионерлагерь шағын елді мекенінің атауы өзгертіліп Жасұлан көшесі атауы берілсін.
2. Шешім әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан бастап күнтізбелік он күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | А. Тәжібаев |