"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Ордабасы ауданының Бадам ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Бөржар ауылдық округінен жалпы көлемі 200 гектар жер бөлігінің қосылуымен Бадам және Бөржар ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ. Досалиев
Облыс әкімі А. Мырзахметов
Облыстық мәслихаттың хатшысы Ә. Досболов