Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы Шардара қаласының, Қауысбек Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 20/239-IV Шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 8 қазандағы N 293 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2009 жылғы 22 қазанда N 2014 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Шардара қаласының әкімшілік шекарасына жалпы көлемі 1020,23 гектар Қауысбек Тұрысбеков ауылдық округінің және жалпы көлемі 860,77 гектар Жаушықұм ауылдық округінің жер бөліктерінің қосылуымен Шардара ауданындағы Шардара қаласының, Қауысбек Тұрысбеков және Жаушықұм ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     М. Оразалиев

      Облыс әкімі                                А. Мырзахметов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Ә. Досболов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады