Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Иассы және Оранғай ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы N 23/251-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 394 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2010 жылғы 15 қаңтарда N 2019 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қалалық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Түркістан қаласының Иассы ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Оранғай ауылдық округінен жалпы көлемі 7394,5 гектар жер бөлігінің қосылуымен Иассы және Оранғай ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы     Т.Баймаханов

      Облыс әкімі                                А.Мырзахметов

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Ә.Досболов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады