Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012.12.21 № 11/59-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 387 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес және жерлерді өңірлерге бөлу жобалары (схемалары) негізінде қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлiнген (бөлiп шығарылған) жерлердi қоспағанда, ҚР «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық Кодексi) Кодексiнiң 378, 379, 381, 383 - баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2010.12.21 N 39/248-IV (2011 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады) шешімімен.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы: Б. Тоқсейітов
Қалалық мәслихат хатшысы: Ө. Керімқұлов