Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2012.12.27 № 240 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Кодексiнiң 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасы және Арыс қалалық мәслихатының 2003 жылғы 6 қарашадағы № 2/11-III шешiмiмен бекiтiлген жерлердi аймақтарға бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде қалалық мәслихат ШЕШТI:
1. «Жер салығының базалық ставкалары туралы» Арыс қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 19/123-IV (нормативтiк құқықтық кесiмдерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 14-2-71 нөмiрмен тiркелген, 2009 жылғы 16 мамырдағы «Арыс ақиқаты» газетiнiң № 20 санында жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлiнген (бөлiп шығарылған) жерлердi қоспағанда, ҚР «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық Кодексi) Кодексiнiң 378, 379, 381, 383 - баптарында белгiленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын».
2. Осы шешiм 2011 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Т.Садыбаев
Қалалық мәслихат хатшысы Ө. Керiмқұлов