Көшелерге ат қою туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы мәслихатының 2009 жылғы 1 қазандағы N 24/149-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 1 қазандағы N 422 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 9 қарашада N 14-2-80 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабының 4 тармақшасына сәйкес көше тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШТI және Арыс қаласы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Арыс қаласындағы:
      Жаңа көшелерге - Ақалтын, Думан, Астана, Жеңiс, Айбын, Парасат, Абат, Егемендiк, Табыс, Өркениет, Байтерек, Береке, Бастау, Нұрсат, Ақниет, Ақжол, Жұлдыз, Көксарай, Нұрлы, Асар, Ақшуақ, Өркендеу, Кемел, Ырысты атаулары берiлсiн.
      2. Атауы жоқ көшелерге Ақиқат, Қайнар, Ақжар, Кеңес Одағының батыры Ережепбай Молдабаев, алғашқы қаламгер Махуба Хайруллина, Екпiндi, Тұран, Игiлiк, Жаңа ауыл, Ақжусан, Аламан, Саяжол атаулары берiлсiн.
      Атауы жоқ қысқа көшелерге Қазына, Шаңырақ атаулары берiлсiн.
      3. Осы бiрлескен шешiм мен қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.      

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы:     Н.Шүкірбеков

      Арыс қаласының Әкімінің міндетін атқарушы: С.Сұлтанов

      Қалалық мәслихат хатшысы:                  Ө.Керiмқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады