«Қазақстан Республикасы әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Монтайтас ауылдық округі елді мекендерінің көшелері тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Монтайтас ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Монтайтас ауылдық округі елді мекендері көшелеріне төмендегіше жаңа атаулар берілсін:
Монтайтас ауылы бойынша Т.Әбідін, К.Келдібек, Д.Исабеков, Б.Онтаев, Абай, Қ.Қашқынбаев, Е.Ахметов, А.Даулетьяров, Л.Айдарханов, Қ.Керімбаев, Құрманғазы, М.Әуезов, Қажымұқан, Егемберді, Амангелді, Ғ.Мұратбаев, С.Ерубаев, Жұмжаев атаулары берілсін.
Монтайтас ауылындағы атауы жоқ көшелерге – Ақиқат, Береке, Бірлік, Ақжусан, Ақбидай, Тастақ, Бастау атаулары берілсін.
Қожатоғай ауылы бойынша – Жорабек, Ағабек, Желтоқсан атаулары берілсін.
Шағыр ауылындағы атауы жоқ көшелерге – Жайлау, Егемендік, Мұнайлы атаулары берілсін.
Ақтас ауылы бойынша - № 1-ші көшеге Теміржолшы атауы берілсін.
Қабылсай ауылы бойынша атаулары жоқ көшелерге - № 1-ші көшеге - Наурыз, № 2-ші көшеге - Қазақстан, № 3-ші көшеге - Екпінді атаулары берілсін.
№ 42-ші разъезд Аршабай ауылы бойынша - № 1-ші көшеге - Жаңа ауыл атауы берілсін.
Тоғансай ауылы бойынша № 1-ші көшеге - Ынтымақ атауы берілсін.
Бақырша ауылы бойынша - № 1-ші көшеге - Өркениет атауы берілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын қадағалау Монтайтас ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Ербосыновқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Монтайтас ауылдық округ әкімі С.Исабеков