Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012.12.20 № 10/62-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381-бабына, 387-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін, автотұраққа, паркинге, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда) салынатын базалық салық ставкасын 50 процентке жоғарылатылсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2010.01.26 N 29/206-IV; 2011.03.02 N 42/286-IV Шешімдерімен.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс
он алтыншы сессиясының төрағасы Ү.Жүсіпбаев
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Рысбеков