Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2012.12.20 № 10/62-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381-бабының, 387- бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының негізінде және Түркістан қалалық мәслихатының 2004 жылғы 28 шілдедегі "Қала жерлерін өңірлерге бөлу схемасын бекіту туралы" № 8/58-ІІІ шешіміне сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Түркістан қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 23 ақпандағы "Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" № 16/119-ІV шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-4-64 нөмірімен тіркелген, "Түркістан" газетінің 2009 жылғы 4 сәуірдегі № 17 жарияланған) бірінші тармағындағы жақша ішіндегі "(үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда)" деген сөздер "(үй іргесіндегі жер учаскелерін, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда)" деген сөздермен өзгертілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Б.Ирсметов
Қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Рысбеков