Түркістан қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 1655 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі N 613 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 27 мамырда N 14-4-67 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 269 қаулысымен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010.03.29 N 269 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 18-1 баптарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Түркістан қаласы әкімдігінің 25 сәуір 2006 жылғы N 1655 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 14-4-22 санымен тіркелген, 14 маусым 2006 жылы "Түркістан" газетінде жарияланған) қаулысына, Түркістан қаласы әкімдігінің 17 наурыз 2008 жылғы N 685 "Түркістан қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі N 1655 "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 14-4-50 санымен тіркелген, 18 сәуір 2008 жылы "Түркістан" газетінің N 36-37 жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      11 тармағы алынып тасталсын;
      15 тармақта "Қызметкердің еңбек ақысы" деген сөздерден кейін "50 пайызы жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қалған қаражаты жұмыс беруші есебінен" деген сөздер "бірлесіп қаржыландыру арқылы" деген сөздер мен ауыстырылсын.
      2. Түркістан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Арысбеков) жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмысын ұйымдастырсын және үйлестірсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ертайға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б. Сыздықов

Түркістан қаласы әкімдігінің
25 сәуір 2006 жылғы
N 1655 қаулысымен бекітілген
Түркістан қаласы әкімдігінің
28 сәуір 2009 жылғы
N 613 қаулысымен бекітілген

      Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Қағидасы

      1. Жалпы қағидалар

      1. Бұл Қағида (бұдан әрі Қағида) "Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарын құру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидада пайдаланатын ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орын - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізінде құратын жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
      3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары;
      4) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі-уәкілетті орган).
      3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танылмаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Қағида қолданылмайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру.

      5. Жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен шарттық негізінде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
      6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болған жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанда мәлімет береді және оған мына құжаттарды қосымша өткізеді:
      1) кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
      2) кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      3) мәлімет берген күнге дейінгі соңғы бір айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеп, тізімін жасауды қаланың уәкілетті органы төмендегі сипаттар негізінде асырады:
      1) қаржыландыру уақыттылығы;
      2) материалдық базасының барлығы және техникалық қамтамасыздандырылуы.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасап, жұмыс берушілерді іріктеу үшін жергілікті атқарушы органға ұсынады. Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерді іріктеп, уәкілетті органға екі жақты "Уәкілетті орган - Жұмыс беруші" шарттарын жасау үшін жолдайды. Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасынан сақталады.
      9. Шартта жұмыс уақыты режиміне байланысты еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, еңбек ақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, шартқа өзгерістер енгізу мен бұзу тәртібі және басқа да еңбек заңнамаларында көзделген мәліметтер қамтылуы тиіс.
      10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі 1 жылға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы 1 жылдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

      3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу.

      11. Алынып тасталған.
      12. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу екі жақты жасасқан шарттың негізінде, жұмыссыздың келісімі мен уәкілетті орган жүзеге асырады.
      13. Жұмыссызды жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрықтың көшірмесін жұмыс беруші үш күн мерзімде уәкілетті органға береді.
      14. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар өз бетінше, себепсіз жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан және нысаналы топқа жатқызылған күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.

      4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбек ақы төлеу.

      15. Қызметкердің еңбек ақысы бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
      16. Жалақының мөлшері орындалатын жұмыстың көлемі мен сапасына және күрделігіне байланысты белгіленеді, бірақ ол Қазақстан Республикасының заңдарында ағымдағы жылға белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.
      17. Көрсетілген санаттағы қызметкерлердің бюджет қаражаты есебінен берілетін еңбек ақысы екі жақты келісімнің негізінде екінші деңгейдегі банктегі қызметкердің жеке есебіне аудару арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады. Қызметкер, банк мекемелерінің филиалында ашқан жеке есебі туралы уәкілетті органға мәлімет береді. Уәкілетті орган қаражатты аударуды, жұмыс берушінің қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі және жұмыс уақытына есеп жүргізу табелінің негізінде жүзеге асырады.
      18. Мерзімнен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндердегі жұмыстарға, түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      19. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс істейтін адамдардың жалақыларына салынатын салық және әлеуметтік аударымдар заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      20. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығына, еңбек міндетін атқару кезінде жарақаттануы немесе денсаулығына басқа да зиян келтірілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

      5. Есеп берушілік

      21. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған жұмыс беруші, оларды тұрақты жұмысқа ауыстырғаны және жұмыстан босатқаны туралы (бұйрықтың көшірмесін қоса береді) үш күн мерзім ішінде уәкілетті органға жазбаша хабардар етуге міндетті.
      22. Аймақтық уәкілетті органдар әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізеді және олардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына ай сайын ақпарат береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады