Қаланың жекелеген көшелеріне ат қою және атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі N 20/162-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдедегі N 3 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда N 14-4-72 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13 бабына, және қала әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2009 жылғы 1 шілдедегі кезекті отырысының № 1 хаттамасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Түркістан қаласы Сауран шағынауданы бойынша № 1 қосымшаға сәйкес жекелеген көшелердің атаулары өзгертілсін және аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін.
      2. Түркістан қаласы Яссы шағынауданы бойынша № 2 қосымшаға сәйкес аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін.
      3. Түркістан қаласы Шауғар шағынауданы бойынша А.Сабырхановтың 1-ші көшесіне Төрехан Рәмбердиевтің, 2-ші көшесіне Мырзакәрім Қарабаевтың есімі берілсін.
      4. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың кезектен
      тыс жиырмасыншы сессиясының төрағасы       С. Таласбаев
      Қала әкімі                                 Б. Сыздықов
      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Рысбеков

Қалалық мәслихаттың 17 шілде
2009 жылғы № 20/162-ІV және
қала әкімдігінің № 3 бірлескен
шешімі және қаулысына № 1 қосымша

      Түркістан қаласы Сауран шағынауданы бойынша жекелеген көшелердің атаулары өзгертілсін және аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін:

      1. Бұрынғы Клара Цеткина көшесіне-Мұсаев Құсбек
      2. Аты жоқ № 1 көшеге-Теріскей
      3. Аты жоқ № 2 көшеге-Астананың 10 жылдығы
      4. Аты жоқ № 3 көшеге-Байқоңыр
      5. Аты жоқ № 4 көшеге-Қарсақты
      6. Аты жоқ № 5 көшеге-Қарашық
      7. Аты жоқ № 6 көшеге-Беларық

Қалалық мәслихаттың 17 шілде
2009 жылғы № 20/162-ІV және
қала әкімдігінің № 3 бірлескен
шешімі және қаулысына № 2 қосымша

      Түркістан қаласы Яссы шағынауданы бойынша аты жоқ көшелерге жаңа атаулар берілсін:

      1. Аты жоқ № 1 көшеге–Есжан Айнабеков
      2. Аты жоқ № 2 көшеге-Жерұйық
      3. Аты жоқ № 3 көшеге-Алтын бидай
      4. Аты жоқ № 4 көшеге-Яссы
      5. Аты жоқ № 5 көшеге-Алатау
      6. Аты жоқ № 6 көшеге-Көктөбе
      7. Аты жоқ № 7 көшеге-Ақмешіт
      8. Аты жоқ № 8 көшеге-Еділ
      9. Аты жоқ № 9 көшеге-Жайық
      10. Аты жоқ № 10 көшеге-Жеті жарғы
      11. Аты жоқ № 11 көшеге-Арал
      12. Аты жоқ № 12 көшеге-Сығанақ
      13. Аты жоқ № 13 көшеге-Бортөбе
      14. Аты жоқ көшеге-Сырдария
      15. Аты жоқ көшеге-Ордабасы
      16. Аты жоқ көшеге-Ақ орда
      17. Аты жоқ көшеге-Алаш орда
      18. Аты жоқ көшеге-Бозбұтақ
      19. Аты жоқ № 23 көшеге-Бестораңғыл
      20. Аты жоқ № 24 көшеге-Шоғы батыр
      21. Аты жоқ № 25 көшеге-Шаңырақ
      22. Аты жоқ № 26 көшеге-Үшқоңыр
      23. Аты жоқ № 27 көшеге-Бершінтөбе
      24. Аты жоқ № 28 көшеге-Шоқтас
      25. Аты жоқ № 29 көшеге-Төрткөл
      26. Аты жоқ № 30 көшеге-Аралбай батыр
      27. Аты жоқ № 31 көшеге-Тәңірімберді батыр
      28. Аты жоқ № 32 көшеге-Жарылқап батыр
      29. Аты жоқ № 33 көшеге-Көшбасшы
      30. Аты жоқ № 34 көшеге-Сауран
      31. Аты жоқ № 35 көшеге-Өте батыр
      32. Аты жоқ № 36 көшеге-Ақтөбе
      33. Аты жоқ № 37 көшеге-Қаратөбе
      34. Аты жоқ № 38 көшеге-Жаманбай батыр
      35. № 39 көшеге-Шойтөбе
      36. № 40 көшеге-Желтоқсан
      37. № 41 көшеге-Састөбе
      38. № 42 көшеге-Қарашаш ана
      39. № 43 көшеге-Шауғар
      40. № 44 көшеге-Достық
      41. № 45 көшеге-Қосмезгіл
      42. № 46 көшеге-Игілік
      43. № 47 көшеге-Түркістан
      44. № 1А көшесіне-Жылаған ата
      45. № 2А көшесіне-Қаратау
      46. № 1Б көшесіне-Қалған Сыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады