Жаңа Иқан ауылдық округінің Ибата, Ойық елді мекендерінде және Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан елді мекенінде карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 23 қыркүйектегі N 2607 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 қарашада N 14-4-73 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 269 қаулысымен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010.03.29 N 269 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес және Түркістан қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 1 қыркүйек 2009 жылғы N 2-16/784 ұсынысының негізінде, ауыл шаруашылық малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңа Иқан ауылдық округінің Ибата, Ойық елді мекендері және Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан елді мекенінде карантин режимі енгізілсін.
      2. Ауыл шаруашылығы бөліміне (Т. Мұсаев), қалалық аумақтық инспекцияға (Д. Айтбай - келісім бойынша) шектеу қойылған елді мекендерде тиісті ветеринариялық сауықтыру жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің кеңесшісі Б.Тұрдыға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

      Қала әкімі                                 Қ.Молдасеитов     

      Келісілді:
      Түркістан қалалық аумақтық
      инспекция бастығы                          Д.Айтбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады