Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1248 хатымен.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» N 836 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және ұйымдардың тізбесін қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі(Ш.Отыншиев) бекітілген тізбеге сәйкес 2009 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
4. Аудандық қаржы бөлімі (Б.Утегенов) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында тіркеліп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Жолдасқа жүктелсін.
Аудан әкімі С.Кенжебаев