Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданды әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 188 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 сәуірде N 14-5-74 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1248 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1248 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 01 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
      2. Әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу үшін төмендегі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Касетов Серік Тастемірұлы

аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)

Тоқпанбетов Мэлс

аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Кенжебаев Бақытқали Оңғарұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Байғонов Әбужахил

орталық аурухананың ЛОР дәрігері медициналық сараптау комиссиясының төрағасы

Изтаева Салтанат
Алжанқызы

медбике, комиссия хатшысы

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданды әкімдігінің 2009.09.28 N 488 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Аудандық медицина бірлестігіне (Е. Тұрабеков – келісім бойынша):
      1) дәрігерлік комиссия құрамын қажетті мамандармен қамтамасыз етіп, комиссия жұмысы біткенге дейін дәрігерлер мен медбикелер негізгі жұмыс орындарынан босатылсын және жұмыс орны мен лауазымы сақталсын. Әскери дәрігерлік комиссиясының жұмысы Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде өтеді. Жұмыс уақыты күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі;
      2) әскери дәрігерлік комиссияның қажетті құралдарымен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуін;
      3) дәрігерлік комиссиясының емделуге жолдама алған азаматтарды ауруханада жедел стационарлық тексеруден өткізу, табылған ауруды емдеп, оларды келесі мерзімге дайындау жұмыстарын ұйымдастырсын;
      4) жастарды диспансерлік және амбулаториялық картасы бойынша есепте тұратын әскери қызметке жататын жастардың тізімін Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын.
      4. Бәйдібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (М. Дәулетбахов-келісімі бойынша) әскери қызметке шақырылған азаматтарды дәрігерлік комиссиядан және флюрографиялық тексеруден өткізу кестесін жасасын.
      5. Аудандық ішкі саясат бөлімі (Е. Тойжанов) әскер қатарына шақыру орындарында жастар арасында әскери патриоттық, интернационалдық тәрбие жұмыстарын жүргізсін.
      6. Аудандық ішкі істер бөліміне (А. Адилов -келісімі бойынша):
      1) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазына келмей жүрген азаматтарды іздеп тауып, әскери дәрігерлік комиссиядан өткізу жұмыстарын жүргізу;
      2) облыстық әскери дәрігерлік комиссияға бару қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылсын.
      7. Осы қаулы аумақтық әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өтіп ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Жолдасқа жүктелсін.      

      Аудан әкімі:                               С. Кенжебаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудандық қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімнің бастығы                 Дәулетбахов Мұрат Шымкентбаевич
      6 сәуір 2009 жыл

      Аудандық ішкі істер
      бөлімнің бастығыАдилов                     Асылхан Қозекеұлы
      6 сәуір 2009 жыл

      Аудандық ішкі істер
      бөлімі бастығының орынбасары               Қырғызбаев Марат Алпысбайұлы
      6 сәуір 2009 жыл

      Аудандық медицина
      бірлестігінің бастығыТұрабеков             Есмехан Кеңесұлы
      6 сәуір 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады