Бәйдібек ауданы әкімдігінің 6 сәуір 2009 жылғы N 188 "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданды әкімдігінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі N 488 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қазанда N 14-5-82 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 3 тамыздағы № 1248 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2012.08.03 № 1248 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуір N 188 "Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысына (аудандық Әділет басқармасында N 14-5-74 16 сәуір 2009 жылы мемлекеттік тізілімінде тіркелген, тәуелсіз апталық "Шаян" газетінде 23 маусым 2009 жылы N 25 (277) санында жарияланған) мына төмендегіше өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының 2 тармағымен құрылған әскери қызметке шақыру жұмысын жүргізу жөніндегі комиссия құрамына:
      Касетов Серік Тастемірұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
      Кенжебаев Бақытқали Оңғарұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
комиссия мүшесі болып енгізілсін;
      Дәулетбахов Мұрат Шымкентбаевич, Қырғызбаев Марат Алпысбайұлы көрсетілген комиссия құрамынан шығарылсын.
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Жолдасқа жүктелсін.      

      Аудан әкімі                                С.Кенжебаев

      КЕЛІСІЛДІ:     

      Аудандық қорғаныс істер
      жөніндегі бөлім бастығы                    Касетов Серік Тастемірұлы
      28 қыркүйек 2009 жыл

      Аудандық ішкі істер
      бөлім бастығының орынбасары                Кенжебаев Бақытқали Оңғарұлы
      28 қыркүйек 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады