Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 мамырдағы N 224 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 14-5-79 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 2 маусымдағы N 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2010.06.02 N 208 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы","Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес және нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру Қағидасы (әрі қарай - Қағида) бекітілсін.
      2. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 28 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" N 122 қаулысының Бәйдібек аудандық Әділет басқармасында 5 мамыр 2009 жылы нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-5-31 болып тіркелген, 2006 жылы 2 маусым күнгі N 23 (8603) аудандық Алғабас газетіне жарияланған күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы әділет органдарына тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Жолдасқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С.Кенжебаев      

      Бәйдібек ауданы әкімдігінің
      12 мамырдағы 2009 жылғы
      N 224 қаулысына қосымша

Әлеуметтік жұмыс орындарына нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру Қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Бұл ереже (бұдан әрі-Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарын құру тәртібін белгілейді.
      2. Осы Ереже пайдаланылатын ұғымдар:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
      3) нысаналы топ – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары;
      4) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
      5) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті орган).
      3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Ереже қолданылмайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс органдарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттестіріледі.

2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

      5. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен шарттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
      6. Әлеуметтік жұмыс орыны ұйымдастыруға ерік білдірген жұмыс беруші тұлға уәкілетті органға ашылатын әлеуметтік жұмыс орнының санын, еңбекақы көлемін көрсетіп сұраныс жасайды және төмендегі құжаттарды ұсынады:
      ұйым немесе мекеменің жарғысының көшірмесі;
      ұйым немесе мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
      жеке тұлғаға салық органына тіркелгендігі туралы куәлік көшірмесі.
      7. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастырушы жұмыс берушілердің тізімін төмендегі шарттар негізінде жасайды:
      1) қаржылық жағдайы;
      2) материалдық және техникалық базасының жағдайы.
      8. Уәкілетті әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін дайындап және олармен Уәкілетті орган - Жұмыс беруші екі жақты келісім шарт жасайды. Келісім шарт әр тарапта бір данадан сақталады.
      9. Келісім-шартта тараптардың міндеттерді, еңбек қатынасын реттеуге қажет жұмыс тәртібі, еңбек қауіпсіздігі, еңбек ақы төлеу тәртібі, әлеуметтік жұмыс орнын қаржыландыру көзі мен мерзімі туралы, өзгерістер енгізу және тағы басқа мәліметтер көрсетілуі керек.
      10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі алты айға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіншілігін қарастыра алады.

3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу.

      11. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді шарттың негізде, жұмыссыздың келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады.
      12. Жұмыс беруші уәкілетті органға жұмыссызды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн ішінде ұсынады.
      13. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген күннен үш ай өткеннен әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.

4. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу.

      14. Бәйдібек ауданы бойынша халықты әлеуметтік қолдау жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары, аудандық бюджеттік бағдарламаға сәйкес әлеуметтік орнындағы жұмысшының еңбекақысының 50 пайызы бюджет қаражатынан, қалғаны жұмыс берушінің есебінен төленеді.
      15. Еңбек ақы мөлшері атқарылатын жұмыстың сапасына, көлеміне және күрделілігіне сай төленеді, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдарында ағымдағы жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
      16. Бюджеттен төленетін қаржыны уәкілетті орган екі жақты жасалған шарт негізінде жұмысшының банктегі жеке шотына аударуы арқылы төленеді.
      Қаржыны аудару, жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі және еңбек еткен күндеріне сай жасалған табельге байланысты аударылады.
      17. Атқарылған қосымша жұмыстардың, мереке күндері және түнгі мезгілде атқарылған жұмыстардың еңбекақысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленеді.
      18. Әлеуметтік жұмыс орнындағы жұмысшылардың еңбекақысына салынған салық және әлеуметтік аударымдар заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      19. Жұмысшының жұмыс кезінде еңбекке уақытша жарамсыздығына, еңбек міндетін атқару кезінде жарақаттануы немесе денсаулығын басқалай зиян келтірілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

5. Есеп беру

      20. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыс беруші оның жұмыстан шыққандығы немесе тұрақты жұмысқа ауысқандығы туралы мәліметті (бұйрықтың көшірмесін қоса береді) үш күн ішінде жазбаша түрде уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
      21. Жергілікті уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздарға үнемі мониторинг жүргізеді және облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында әр тоқсандық ақпарат береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады