Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 17/120-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 18 наурызда N 14-6-70 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012 жылғы 14 наурыздағы № 3/27-V Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 3/27-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 422 бабына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     М. Есіркепов
      Аудандық мәслихат хатшысы                  А. Омаров

Қазығұрт аудандық мәслихатының
2009 жылғы 13 ақпандағы
N 17/120-ІV шешіміне қосымша

РетN

Салық салу объектісінің атауы

Салық ставкалары
(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады