Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010.06.29 N 34/254-IV шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексіне және Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 қаңтардағы N 4/29-ІІІ "Қазығұрт ауданының аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық салық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешімімен бекітілген жерлерді аймақтарға бөлу жобасына (схемасына) сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 381-бабында белгіленген автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге, Қазығұрт ауданының елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2010.01.06 N 27/214-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) шешімімен.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы С. Сапаралиев
Аудандық мәслихат хатшысы А. Омаров