Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 3/27-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387-бабының 1-тармағына және Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 14 қаңтардағы № 4/29-ІІІ "Қазығұрт ауданының аймақтардың шекаралары мен жерге ақы төлеудің базалық салық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеу туралы" шешімімен бекітілген жерлерді аймақтарға бөлу жобасына (схемасына) сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
2. "Жер салығының ставкалары туралы" Қазығұрт аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 19/148-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-6-75 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 12 маусымында "Қазығұрт тынысы" газетінің № 41-42 жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ж.Жорабаев
Аудандық мәслихат хатшысы А.Омаров