Шарабұлақ ауылы округінің Ащыбұлақ елді мекенінің шекарасына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы мәслихатының 2009 жылғы 30 қазандағы N 24/187-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 17 қарашада N 14-6-82 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 31 баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шарбұлақ ауылы округі әкімінің ұсынысын ескере отырып, Шарбұлақ ауылы округі, Ащыбұлақ елді мекенінің 130,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 27,8 гектар, оның ішінде – 12,0 гектар суғармалы егістік, 14,0 гектар жайылым, 1,8 гектар өзге жерлер қосылып, жалпы аумағы – 157,8 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
      2. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.С.Аширов

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев

      Аудандық мәслихат хатшысы                  А.Ж.Омаров
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады