Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 5 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 және 31 баптарына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қызылқия ауылы округі әкімі міндетін атқарушысының ұсынысын ескере отырып, Қызылқия ауылы округі, Қызылқия елді мекенінің 239,0 гектар жеріне қосымша барлығы – 15,0 гектар Қызылқия елді мекенінің жайылым жерлері қосылып, жалпы аумағы – 254,0 гектар жерлерге ұлғайтылып елді мекеннің шекарасына өзгеріс енгізілсін.
2. Осы бірлескен аудандық мәслихаттың шешімі және аудан әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Н.С.Аширов
Аудан әкімі Т.С.Алиев
Аудандық мәслихат хатшысы А.Ж.Омаров